Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстандық ғалымдардың кеннен алтын алу технологиясы тендерге байланысты сұранысқа ие емес

AstanaTV
27.10.2017ж. 20:00
4554
Қазақстандық ғалымдардың кеннен алтын алу технологиясы тендерге байланысты сұранысқа ие емес

Степногорск ғалымдары кен қалдығынан алтын, уран, жез алуды үйренді. Олар бір жарым текше концентраттан 12 грамм алтын алуға болады деп отыр. Ғылыми жұмыс патенттелген. Алайда тендер алуда қиындықтар туындаған. Кен шикізаттарынан бағалы метталдары қалай анықтайды? Диана Сапарқызы зертханадағы процесспен танысып келді. 

Бұл - Степногорск қаласындағы кен шикізаттарына сынақ жасайтын орын. Мына бөшкелерде «ҚазақАлтын» кенінің қалдықтарына бактерияларды қышықылдандыру процесі жүргізіледі. Бұл шикізаттан бағалы металлдар алуға көмектеседі. Мамандар осындай биоқышқылдандырудың бір жарым текше концентратынан 12 граммға дейін алтын алуға болады дейді.  Әдетте кеннен 55 пайызға дейін алтын алынады. Ал жаңа технология басқа элементтерде жасырынған алтынды жаңғақша шаққандай алып шығады. Алынған кеннің үгіндісін алдымен мына тұрған таразыларға 5 грамм етіп өлшеп алынады. Содан кейін  360 градус ыстықтағы пештің ішіне салып, алынған шикізат бір жарым сағат күйдіріледі. Пештен алғаннан кейін ішіне қышқылдандыратын суйықтықтарды құяды.

Диана Сапарқызы, тілші:

Сараптама толығымен жасалынды. Нәтижесінде біз мынадай сұйықтықққа қол жеткіздік. Бұның ішінде қанша алтын алғанымызды көреміз. Яғни 1 литр сұйықтықтың ішінен 3,1 миллиграмм алтын алынды. Ал егер 1 тонна кенге келсек, 1 тонна кенде 310 грамм алын бар екен.

Нариман Жаппар, Ұлттық биотехнология орталығының маманы:

Біздің зерттеулерде көбінесе қолданатын - ол алтын кендері. Оның ішінде жұмыс жасаймыз 0,1 грамм тоннасына кендерімен.  Және мыс бойынша алатын болсақ, 1 пайыз, 1,5 пайыз сол кендермен біз жұмыс жасаймыз.

Мамандар биотехнологиялармен жұмыс жасауды бірнеше кен орындарына ұсынған. Алайда олардың бұндай жаңа технологиямен жұмыс істеуге құлықсыз, инновацияға, ғылымға көңіл бөлмейді дейді. Әйтпесе технологиядан 5-тен 10 миллион долларға дейін үнемдеуге болушы еді деп отыр. Орталық басшысының айтуынша, тендер алуда да қиыншылықтар бар.

Дархан Балапанов, Ұлттық биотехнология орталығының директоры:

Өкінішке орай, өндірісте кедергілер бар. "Самұрық- Қазынада" мемлекеттік сатып алуда өзінің заңдылықтары бар. Біз олардың тендерлеріне қатыстық. Алайда өтпедік. Ол жерде шынға жанаспайтын талаптар бар. Бірақ бізде бұл технологияға патент бар. Патентімізді елемей тұр.

Бұл орталықтың мамандары зерттеуге бір миллионнан аса қаржы құйған. Ол Дүниежүзілік  банк гранты. Қазір өндірістерде өздерінің үлгілерін тек ұсынып қана отыр. Мысалға, қазір "Қазақмыс" компаниясы үшін мысты минералды қалдықтарды биосілтісіздендіру жоспарын әзірлеп қойды. Ол үшін корпорация басшысына мұны дәлелдеуі тиіс. 

Диана САПАРҚЫЗЫ