Негізгі / Жаңалықтар / Мамыр айында 160 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды - Б.Сапарбаев

Мамыр айында 160 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды - Б.Сапарбаев

160 мың отбасы атаулы әлеуметтік көмек алды. «Әлеуметтік қамқорлық» бағдарламасы бойынша мамыр айындағы қаржылай жәрдем- аз қамтылған және көпбалалы жанұяларға 100 пайыз төленген. Аймақтарды аралап қайтқан үкімет мүшелері осылай мәлімдеді. Бердібек Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмек бір тоқсанға ғана беріледі деген ел арасындағы әңгімені жоққа шығарды. Жәрдем жыл бойы көрсетіледі. Бірақ отбасы табысы тоқсан сайын қайта есептеліп отырады. 

Бердібек САПАРБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРІ:  

160 мың отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Егер оны халыққа есептейтін болсақ, 806 мыңдай халық. 10 мың отбасыға тағайындалған жоқ. Себебі олар берілген талаптарға сәйкес келмейді. Яғни, табыстары белгіленген критерийден асып тұр.

Бұдан бөлек мамыр айының басынан бері 250 отбасы арендалық пәтерге орналасты. Жыл соңына дейін мұндай 7 мың тұрғын үй беру жоспарда бар.  

А. Сейфулла