Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында Қостанайда әскери медбикелерге арналған ескерткіш орнатылды. Майдангердің монументі мен сенімді серігі төбетті Ақтөбелік мүсінші жасаған. Мүсіннің қаражатын жергілікті еңбек ардагері Бек Жүсіпов өз мойнына алған көрінеді.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елімізден жарты миллионға жуық медбике әскерге аттанып, жаралы жауынгерлердің 70 пайызын қатарға қосқан. Сұрапыл соғыс жылдары Тобыл өңірінде 5 госпиталь жұмыс істеген. Ал Қостанай медицина колледжі қабырғасында бойжеткендер жедел оқу курстарын тәмамдаған. Мәселен 1942 жылы 138 түлек майданға аттанған. Ел бойынша 100 мыңға жуық медбие соғыста мерт болған. Жеңіс саябағындағы ескерткіш сол ержүрек жандардың ерлігіне арналған,-дейді еңбек ардагері Бек Жүсіпов.
Бек ЖҮСІПОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ:
Олар қаншама адамдарды қорғады солдаттарды.Қаншама адамдарды от ішінен тартып алып шықты.Қаншама еңбегін,күшін жұмсады, денсаулығын.Өздері де өлді ғой қаншама.
З. Санай