Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Президент Үкіметке Қызылорда облысында жаңа кен орындарын ашуды тапсырды

AstanaTV
14.05.2019ж. 20:00
2910
Президент Үкіметке Қызылорда облысында жаңа кен орындарын ашуды тапсырды

Қызылорда облысында мұнай-газ кен орындарының сарқылуы мен көмір сутегі деңгейінің азаюы байқалады. Бұл болашақта өңірдегі кәсіпорындарда жұмыс орындарының қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін. Аймаққа жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы жаңа кен орындарын ашып, саланы дамыту жоспарын құруды тапсырды.  

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Бұл мәселенің алдын алуымыз керек. Шұғыл түрде қосымша кен көздерін ашу қажет. Оларды қазірден бастап жоспарлап, жаңа технологиялардың көмегімен іске асыруымыз қажет. Үкімет «Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясымен, әкімдікпен бірлесе отырып, өңірде мұнай-газ саласын дамтыудың нақты стратегиясын жасасын!

А. Қуаш