Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қаржы нарығын реттейтін агенттік құрылмақ

AstanaTV
14.05.2019ж. 20:00
2865
Қаржы нарығын реттейтін агенттік құрылмақ

Қазақстанда қаржы нарығын реттейтін агенттік қайта құрылмақ. Тікелей мемлекет басшысына бағынатын институт ипотекалық, коллекторлық, сақтандыру және басқа да микрокредиттік ұйымдардың жұмысын бақылайды. Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен жиында Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков айтты. Тәуелсіз органды құру олар әзірлеген жаңа заң жобасында қарастырылған. Агенттікті республикалық бюджеттен қаржыландыру көзделіп отыр. Сондықтан қызметкерлерінің жалақысын Үкімет бекітеді.  

Олег СМОЛЯКОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Агенттікте өңірлердегі бөлімдердің мамандарын қоса есептегенде 600-ге жуық қызметкер жұмыс істейтін болады. Жыл сайын бюджеттен 10 млрд тг бөлінеді. Нарықты реттеу мен дамыту, қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау функциялары толықтай осы органға беріледі. Ал Ұлттық банк өзінің классикалық міндеттерімен айналысады. Яғни, ақша-кредит саясаты, валюталық реттеу, инфляцияны бақылау сияқты қызметтерді атқарады.

Осыған ұқсас агенттік елде 2004-2011 жылдар аралығында болған. Ал Қазір оның қызметі мен өкілеттігін Ұлттық банк атқарып келеді. Қаржы институты әзірлеген заң жобасы бойынша банк болып саналмайтын, бірақ тұтынушылық несие берумен айналысатын барлық ұйымдардың жұмысын қадағалау аталмыш органға тапсырырлмақ. Сонда бір басында әлденеше кредиті бар немесе қарыз қайтаруға мүмкіндігі жетпейтін азаматтар зайым ала алмайды. Олег Смоляковтың айтуынша, қазір елдегі 5 млн-ға жуық адамда тұтынушылық несие бар. Олардың қарызының жалпы мөлшері 4 трлн теңгден асады. 

Д. Қайыртай