Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

С.Түгелдің сенімді өкілдері Көкшетау қаласының тұрғындарымен кездесті

AstanaTV
14.05.2019ж. 20:00
2344
С.Түгелдің сенімді өкілдері Көкшетау қаласының тұрғындарымен кездесті

«Мемлекеттік тілді білмейтіндер - мемлекеттік қызметке алынбасын». Көкшетаулықтар президенттіктен үмітті Сәдібек Түгелдің осы бастамасын қолдап отыр. Бүгін кандидаттың сенімді өкілдері Ақмола облысының орталығына барған. Жергілікті тұрғындар «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан саяси додаға түскелі отырған Сәдібек Түгелдің сайлауалды тұғырнамасымен танысты. Онда мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруден бөлек, жемқорлықты жою, ұлттық құндылықтарды насихаттау, ауылдарды дамыту секілді мәселелер бар.  

Құмарғали ДОСОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР С.ТҮГЕЛДІҢ СЕНІМДІ ӨКІЛІ: 

Сәдібек Түгелде бағдарламасының ішінде ең жақсы, маған ұнағаны қазақ тілін білмеген азамат ешқандай алдыңғы қатарлы болуға тиісті емес. Үкіметтік, мемлекеттік қызметтерге баруға тиісті емес. Ол ауылды білу керек, елді білу керек, қазақ тілін білу керек.

Д. Қайыртай