Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Бишімбаев ісіне қатысты сотта айыпталушылардың бірі А. Акрамовтың пара талап еткенін айтты

AstanaTV
21.11.2017ж. 20:00
1777
Бишімбаев ісіне қатысты сотта айыпталушылардың бірі А. Акрамовтың пара талап еткенін айтты

Егер пара бермесең, басыңа қара бұлт үйіртеміз. Бишімбаев ісі бойынша жалғасқан сот отырысында «Биным» ЖШС бұрынғы инженері Уәлихан Жұмабай "Бәйтерек Development" акционерлік қоғамының өкілі Азиз Акрамовтың осылай деп қоқан-лоққы көрсеткенін мәлімдеді. Құрылыс компаниясы Тараздағы бес қабатты 2 тұрғын үй кешенін салған. Бас инженер сөзіне сенсек, "Бәйтерек Development" акционерлік қоғамының басшылары құрылыстан түрлі олқылықтар тауып, пара талап еткен. Сондықтан «Биным» ЖШС-нің өкілдері амалсыздан пара бергендерін мойындап отыр. Параны "Бәйтерек Development" акционерлік қоғамының бұрынғы өкілі Азиз Акрамов арқылы қомақты соманы бөліп-бөліп беріп отырған. Ал, айыпталушы Уәлихан Жұмабайдың өзі бұл іске қатысты кінәсін сотта жартылай ғана мойындап отыр. 

Уәлихан Жұмабай, "Биным" ЖШС бұрынғы инженері, айыпталушы:

Акрамов үйдің құрылысын тексеріп болғаннан кейін, кабинетіме кірді. Содан кейін бейресми түрде менімен сөйлесті. "Уәке, сіздер біздің арқамызда келісімшарт жасастыңыздар. Барлығы өз жобаларының 10 пайызымен бөлісіп жатыр. Сіздер бірінші орындалған жұмыс актісі бойынша бізге 60 миллион берулеріңіз керек" деп. Мен сасып қалдым. Мен бұл мәселенің шеше алмаймын дедім. Сонда ол маған былай айтты: егер ақша бермесеңдер, құрылыстарды аяқталмайтындай етіп, қара бұлт үйіртеміз, жасалынған жұмыстың ақшасын алмайтын боласыңдар деді.