Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Жамбыл облысында 10 жастағы қыз бала безгектен қайтыс болды

AstanaTV
15.05.2019ж. 20:00
4053
Жамбыл облысында 10 жастағы қыз бала безгектен қайтыс болды

Жамбыл облысы Байзақ ауданында 10 жастағы қыз бала қырым қанды безгегінен көз жұмды. Оның кенеден келетін кеселді қалай және кімнен жұқтырғаны белгісіз. Белгілісі жақында ғана Өзбекстаннан келген. Дәрігерлер науқас ауыр жағдайда ауруханаға келгенін айтты.  

Күмісбек РАХИМОВ, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мекен-жайлары жоқ және мына Өзбекстан азаматтары. Қайыр сұрап күн көріп отырған адамдар. Бірақ өзінің кеш қаралуына байланысты, аурудың асқынуын өткізіп жіберуіне байланысты оны алып қалу мүмкін болмады. Залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, оның көзін іздеу үшін сол аумақтың барлығынан кене жиналып, тексерілді. Оның бәрі теріс мән берді.

Мамандар жыл басталғалы бері облыс бойынша 481 адамды кене шаққанын айтт. Қауіпті қансорғыштар шаққан жамбылдықтар қатаң бақылауға алынып, тыңғылықты тексеру жүргізілген. Айта кетейік, Жамбыл жеріндегі 50-ге жуық елді-мекен қырым қанды безгегінің табиғи ошағы болып есептеледі. 

Д. Әлімқұл