Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстанда екі президент жоқ. Ол - біреу ғана - Н. Назарбаев

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
4690
Қазақстанда екі президент жоқ. Ол - біреу ғана - Н. Назарбаев

Қазақстанда екі президент жоқ. Ол - біреу ғана. Елордада басталған 12-ші Астана экономикалық форумында Нұрсұлтан Назарбаев осылай деп мәлімдеді. Ол жаңа сайланатын мемлекет басшысын қолдап, бейбіт транзитті сақтау - міндетім деді. Әлем назарын аударған айтулы басқосу саяси қақтығыстар жайын да сарапқа салды. Ақерке Бектас тарқатады.  

Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ:  

АҚШ, Қытай секілді алып державалар арасындағы сауда соғысы өршіп, Еуроодақ пен саясаттан көрі сауданы маңыздырақ санайтын Америка арасындағы текетірес әлем елдерін айналып өтпейтіні белгілі. Астана экономикалық форумында келгендерді алаңдатып отырған да осы мәселе. Биылғы жиын «Ынталандырушы өсу: адамдар, қалалар, экономикалар» тақырыбында өтіп жатыр. Мұнда Халықаралық волюта қорының басқарушы директоры Кристин Лагард, Нобель сыйлығының лауреаты Пол Ромер секілді белді саясаткерлер жаһандық мәселелерді талқылауға жиналды.

Саясат сахнасының саңлақтары алдымен Нұрсұлтан Назарбаевты қарсы алды. Дәстүрлі суретке түсті. Мінберден сөз сөйлеген елбасы алдымен жаһандық емес, елдегі саясатқа тоқталды. Елде екі президенттік басқарудың болмайтыны айтып, әзілмен жауап қатты. 

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Видите, я создаю какие-то неудобства для спикеров, вам приходится говорить сначала "Первый Президент", потом "Президент". Такая ситуация. Я думаю, двойственности в Казахстане не будет. Есть один Президент, и он главный. И мы все будем на него работать, когда изберем.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі экономика тасасында теңсіздік бар, дейді. Өйткені, былтыр экономикалық өсім 3,6 пайызға дейін төмендеген. Халықаралық валюта қоры биыл өсім бұдан да құлдырайды деп болжайды. Сондықтан, қор басшысы Кристин Лагард «Ақырын жүріп, анық бас» деп Абайдың сөзін негізге алуға шақырды.

Кристин ЛАГАРД, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: 

Экономикалық даму бағытында біртіндеп қарқын алу керек. Бұл ретте қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Ақырын жүріп, анық бас» деп жазып кеткен өлең жолдары ойға келеді. Әрбір қадамды сенімді түрде жасауымыз керек. Халықаралық ынтымақтастыққа бағыт алған жөн.

Бірақ, Кристин Лагард айтқан бейбіт бітімгерлік саясат сахнасынан жойылып бара жатқандай. Оған АҚШ, Ресей, Қытай арасындағы бітпейтін бақталастық дәлел. Бүгінгі жағдайдағы бұл мәселе әскери текетіреске алып келуі ғажап емес. Ал Қытай мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары бар мүмкіндіктермен бөлісуге дайын.  

Хань ЧЖЭН, ҚХР МЕМЛЕКЕТТІК КЕҢЕСІ ПРЕМЬЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Кез келген бірлескен істе ашықтық маңызды. Біздің тарап бұған дайын. Біз әлем елдерімен экономикалық либерализация және жаһандануды қолдау тұрғысында бірлесе әрекет етуге әзірміз.

Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ:  

Сонымен, келешекте ел астанасы АҚШ, Қытай, Ресей және Еуропа одағына қатысты маңызды мәселелер шешілетін алаң болуы мүмкін. Нәтиже бермейтін санкциялардан ашық диалогқа көшуді ұсынған Елбасы форумның алғашқы күнінде-ақ әлем елдерін саяси шиеленістен шығуға шақырды. Форум ертең де өтеді. Күн тәртібінде қалалардың даму деңгейі мен адам капиталына қатысты бірқатар мәселе талқыға түспек.

А. Бектас