Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×

Алматыдағы қоқыс полигонында болған өртті ауыздықтауға 2 тікұшақ жұмылдырылды

AstanaTV
16.05.2019ж. 20:00
1635
Алматыдағы қоқыс полигонында болған өртті ауыздықтауға 2 тікұшақ жұмылдырылды

Алматы маңындағы қоқыс полигонынан шыққан өртті сөндіруге әуе күштерін жұмылдыруға тура келді. Төтенше жағдайлар департаменті қосымшы екі тікұшақ жіберген. Одан тыс 11 өрт сөндіруші көлік, 16 жүк машинасы, 7 бульдозер және 114 жеке құрам жұмыс жүргізді. Тілсіз жау түнде тұтанып, 1 гектар жерді шарпыған. Әзірге оттың неден тұтанғаны нақты белгісіз. Мамандар оны арнайы зерттеуден кейін жария етпек. Қоршаған ортаға зиянын да анықтамақшы. 

Владимир БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Өрттің шығуының бірнеше себебі бар. Полигондағы қызметкерлердің отты дұрыс пайдаланбауы немесе ондағы үйсіз жүрген адамдар кесірінен туындауы мүмкін. Сондай-ақ, тұтанған қоқыс төгілген деген болжам бар. Өртті ауыздықтауға бар күшті салып жатырмыз.

Р. Асқарбекұлы