Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

30 жылдан кейін әлем халқының 70 пайызы қалаларда тұрады

AstanaTV
17.05.2019ж. 20:00
3086
30 жылдан кейін әлем халқының 70 пайызы қалаларда тұрады

30 жылдан кейін әлем халқының 70 пайызы қалаларда тұрады. Астана экономикалық форумына қатысып жатқан сарапшылар осындай болжам айтып отыр. Өйткені күн сайын ауылдан мегаполистерге миллиондаған тұрғын қоныс аударады. Форумның екінші күнінде әлем елдерінің астанасынан келген әкімдер өз тәжірибелерімен бөлісті. 12-ші Астана экономикалық форумынан тілші Ақерке Бектас тарқатады.  

Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ: 

Ақылды қалаға айналу үшін шағын және орта бизнестің ауқымын арттыру қажет. Бангкок қаласы мэрінің кеңесшісі Валлоп Суванди бұған дейін қолданған дәстүрлі даму жүйесі ешқандай жаңашылдыққа әкелмейді деп санайды. Статистикаға сүйенсек әлемдік ЖІӨ-нің 80 пайызын қалалар құрайды. Сарапшылар бәсекеге қабілетті қала болу үшін инвестиция тартуға мән беріп отыр. Ал біздің тарап елорданы осы мәселелерді бірге іске асыратын Еуразиялық хабқа айналдырғысы келеді. Тіпті 32 елдің 47 қаласымен осы бағытта байланыс орнатқан.

Әлем елдерінің астанасынан келген әкімдерге Бақыт Сұлтанов баяндамасын «қалалар арасында бәсекелестік өршіп тұр» деп бастады. Мұнда тек тұрғындарға жайлы жағдай жасаған шаһар жеңіске жетеді. Елорданың экономикасына да аз қаражат жұмсалған жоқ. Капитал 9 трлн теңгені құрайды. Мегаполиске инвестиция тарту үшін 29 ел астанасымен бірлесіп жұмыс істемек.  

Фан ВЕЙ, ЛЯНЬЮНЬГАН ҚАЛАСЫНЫҢ МЭРІ: 

Қазақстанмен транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту саласында ортақ ісіміз бар. Олар «Бір белдеу, бір жол» бастамасы арқылы да жүзеге асырып жатыр. Енді қалалармен тек сауда-саттықта емес, инвестиция тартуда да байланыс орнатамыз.

5 млн-нан аса халқы бар Ляньюньган сыртқы саудада былтыр 9,5 млрд долларға келіссөздер жасаған. Фан Вей қаражаттың қаланы дамытуға да жұмсалғанын айтты. Осы арқылы тұрғындарға бар жағдайды жасадық, дейді. Өйткені кәсібін жеңіл жүргізе алмайтын жерде адамдар тұрақтамайды. Бұл бағытта Бангкок мэрінің кеңесшісі жекеменшік-әріптестік арқылы кәсіпкерлікке басымдық берген.   

Валлоп СУВАНДИ, БАНГКОК ҚАЛАСЫ МЭРІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: 

Жекенменшік-әріптестікке кез келген ел басымдық берсе, одан түсетін пайда көп. Өйткені кәсіпкерлерді қолдау арқылы қалаға инвестиция құямыз. Бұл сондай-ақ, түрлі салалардың дамытуына мүмкіндік береді.

Ал Ресей, Эстония, Венгрия туризмді арттырып, смарт технологияны жетілдірмек. Осылайша «Жаһандық жібек жолы - қала мэрлерінің форумы» сессиясына келген мэрлер шаһарларды дамытудағы идеяларын ортаға салды. Әлемдік сарапшылар басқосуы бұдан бөлек бірнеше тақырыпты қамтыды. Биыл ұйымдастыруға 1,4 млрд теңге бөлінген Астана экономикалық форумынан 3,3 млрд теңге пайда түседі деп болжанып отыр.  

А. Бектас