Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Т. Рақымбеков Қызылорда облысына барды

AstanaTV
17.05.2019ж. 20:00
2593
Т. Рақымбеков Қызылорда облысына барды

Ауыл тағдыры - ел тағдыры. Сондықтан экономикамызды алға жылжытып, әлемдегі озық елдер қатарына қосыламыз десек ауыл шаруашылығын нықтап қолға алу керек. Президенттікке үміткер Төлеутай Рақымбеков тұғырнамасындағы негізгі бағыттар Қызылорда өңірінде кеңінен талқыланды. Аймақтағы қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты салаға қажетті тың бастамаларды көтеріп, оны кеңінен іске асырумен айналысады. Содан болуы керек оның қабырғасында өткен жиында Төлеутай Рақымбековтың ұсыныстары қызу талқыланды. Әсіресе, аграрлық ғылымды дамыту, селекциялық орталықтарды қолдау және замануи жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері өте өзекті екені айтылды.  

Серікбай ӨМІРЗАҚОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Т.РАҚЫМБЕКОВТЫҢ АЙМАҚТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Мен ойлаймын осы «Ауыл» партиясының бағдарламасы жүзеге асса, біздің негізгі ортақ мүддеміз Қазақстанның әлемдік деңгейде дамуына толық мүмкіншіліктер жасалынады деп. Осыған байланысты біз сайлаудың үгіт-насихат жұмыстарына кірісіп кеттік.

Д. Қайыртай