Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Ұлттық құндылықтарды мектеп бағдарламасына енгізіп, бірінші сыныптан оқыту керек - С. Түгел

AstanaTV
17.05.2019ж. 20:00
2860
Ұлттық құндылықтарды мектеп бағдарламасына енгізіп, бірінші сыныптан оқыту керек - С. Түгел

Ұлттық құндылықтарды мектеп бағдарламасына енгізіп, бірінші сыныптан оқыту керек. Президенттікке кандидат Сәдібек Түгел Елордалық сайлаушылармен кездесуінде осылай деді. Жаһандану үрдісінде жұтылып кетпес үшін тіл, дін, тарих пен мәдениетті сақтауға осындай жолмен келгеніміз жөн екенін айтты. Тұғырнамасында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге басымдық берген кандидат заңдар мен құжаттар түгел қазақша жазылуы шарт деген ұстанымда. 

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ :

Біз жастарды қалай тәрбиелесек, ертең болашағымыз солай болады. СКЛ 1 сыныптан бастап, ЖОО-на дейін жастардың бойына сіңіру керек. әр елдің өзіне тән ұлттық менталитеті болады. Ұлттық салт-дәстүрі болады. Соларды жастарға жеткізуіміз керек. 

Бақытжан ТОБАЯҚОВ, АҚЫН :

Өркениетті елдерге ұқсап 12 жасқа дейін бала өз тілінен жару керек. Өз тілін білу керек. Одан кейін мархаббат. +04:24 Сәдібек тіл тұғырым деп айтып жатқаны сол. Тілдің жанашыры.

А. Сейфулла