Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Президенттікке кандидат Ә. Қосанов үгіт-насихат жұмыстарын күшейтті

AstanaTV
20.05.2019ж. 20:00
4079
Президенттікке кандидат Ә. Қосанов үгіт-насихат жұмыстарын күшейтті

Президенттікке кандидат Әміржан Қосанов үгіт-насихат жұмыстарын күшейтті. Штаб мүшелері Астана қаласының сауда орындарында үн парақтар таратып жатыр. Сайлауға екі аптадан аса уақыт қана қалғандықтан, жұмысқа еріктілер мен белсенді жастар тартылған. Үнпарақтарда кандидат тұғырнамасының негізгі бағыттары жазылыпты. Штаб өкілдері оның маңызды тұстарын халыққа ауызшарда түсіндіріп жатыр.

Батырбек ҚОШҚАРБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ Ә.ҚОСАНОВТЫҢ САЙЛАУАЛДЫ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әрбір адамға жеке уақыт бөліп, түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Себебі, президенттікке таңдау деген - әр адамның жеке таңдауы. Адамдардың көбі базарда болғандықтан адам көп шоғырланған жерлерді аралап жүрміз. Себебі, аз уақыт қалды. 

Нұржол МҰСАҒАЛИЕВ, ЕРІКТІ:

Нұр-Сұлтан қаласының жастары Әміржан Қосановтың штабына ерікті болып кіріп, қазір үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Халқы көп жерлерге барып, кандидатымыздың парақтарын таратып... Әміржан Қосанов президент болса, Қазақстанды не күтетінін, агитациялық бағдарламасын айтып жүрміз. 

А. Сейфулла