Спорт Қазақстан
$444.14 €477.05 ₽4.85
×

Елді ең алдымен отандық өнімдермен қамтамасыз ету керек - Т. Рақымбек

AstanaTV
20.05.2019ж. 20:00
2201
Елді ең алдымен отандық өнімдермен қамтамасыз ету керек - Т. Рақымбек

Елді ең алдымен отандық өнімдермен қамтамасыз ету керек. Президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбек Павлодар жұртымен кездесуінде азық-түлік қауіпсіздігі туралы айтты. Сөзінше, шеттен келетін тауарлардың сапасына толық сенім жоқ. Сондықтан өзіміздің экологиялық таза азық-түлік өндірушілерді барынша қолдау керек. 

Төлеу ҚҰШМАНОВА,  «САҒЫП» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 

Мақсатым - осы қымызымызды, қандай өнім болса да әлемге таныту. Оның бәрі өзіміздің қолымызда ерінбей еңбек етсе. Оның бір белгісі менің қымызым да, құртым да дютифри-де сатылып жатыр ғой. Соның өзі жақсы көрініс қой. Шетелден бәр таниды, біледі.

Әли БЕКТАЕВ, ПРЕЗИДЕНТІККЕ КАНДИДАТ Т. РАҚЫМБЕКОВ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 

Біздің негізгі мақсатымыз - осы атадан келе жатқан кәсіпті өндірістік жолға қою. Егер біздің азаматтар осындаймен айналысатын болса, ешкімнен кем өнім алмайды. Ешкімнен кем өндірісті жолға қоймайды деп есептеймін. Себебі, біздің тұрғындарымыз осыны біледі, қалай жасалатынын біледі, қалай сауылатынын біледі, қалай өнім алуға болатынын біледі.

А. Сейфулла