Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Тұрғындар ауыл шетіндегі карьерді қоршауды талап етіп жатыр

AstanaTV
21.05.2019ж. 20:00
4328
Тұрғындар ауыл шетіндегі карьерді қоршауды талап етіп жатыр

Жамбыл облысы Құмшағал ауылының халқы, іргеде қазылған жарды қоршауды талап етіп жатыр. Кәсіпорын басшыларының ел қауіпсіздігімен шаруасы жоқ дейді олар. 76 гектар жерді алып жатқан карьердің тереңдігі 5 қабатты ғимараттың биіктігіндей. Айтуларынша бұл құздан соңғы 10 жылда 4 адам құлап қаза тапқан. Ал, мал санында есеп жоқ. Құрылысқа қажетті тас-шағал өндіретін кәсіпорын басшылары бұл мәселені білетін болып шықты. Олар кезінде аяқсыз қалған қоршауды қайта қолға аламыз деп уәде етті. 

Өркен БАБАШЕВ, ҚҰМШАҒАЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ :

Өзімнің інім қайтыс болған осы жерде. Әлі күнге дейін жүрегім ауырады. Халықты ойлайтын адам бар ма өзі? Әкіме келеді басқаларда келеді. Әшейін көреді де кетеді.

Елдар ВАФИН, «ШАҒАЛ» ЖШС ӨКІЛІ:   

Бұл мәселені жақсы білеміз. Қоршауларды бір жарым жыл бұрын қойып бастағанбыз. Біраз бөлігіне бетон бағаналар тұрғызып тастадық. Бірақ, тікен сымдармен жалғап үлгермедік. Бұйыртса, осы тамыз айына дейін толық бітіреміз.

Д. Әлімқұл