Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғысын өзені тасып, су электр станциясын басып қалды

AstanaTV
22.05.2019ж. 20:00
4124
Шығыс Қазақстан облысындағы Тұрғысын өзені тасып, су электр станциясын басып қалды

Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын салдарынан таудағы қар еріп, Тұрғысын өзені тасыды. Салдарынан су электр станциясын қызылсу басып қалды. Нысандағы құрылысшылар шұғыл түрде қауіпсіз жерге көшірілген. Ағыс жылдамдығы секундына 800 текше метрді құраған. Қалыпты жағдайда 300 текше метр болу керек. Су деңгейі 18 сағат бойы төмендемей тұр.Әзірге өзен суы арнасынан асқан жоқ. Сағат сайын мониторинг жүргізілуде. Аймақта дабылды ескерту жарияланды. Алтай ауданына қарасты ауылдарда құтқарушылар кезекшілікке шықты. Төтенше жағдай болса тұрғындарды дереу қауіпсіз жерге көшіру жағы да қарастырылған. Нөсерлі жаңбыр Өскеменнің жолдары мен бірқатар нысандарына залал келтірді. Оны мына әуесқой түсірілімнен байқауға болады. Сатушылар тұрмыстық техниканы сақтап қалу үшін целлофанмен орап, әбігерге түсіп жатыр. Ал синоптиктер аптаның соңына дейін жауын-шашын басылмайды деген болжам айтады. 

Анастасия СКЛЯР, ШҚО ТЖД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАМАНЫ:

Тұрғысын өзені бойынша жағдай тұрақты, су деңгейі қалыпты. Өзен арнасынан асқан жоқ. Елді мекендерге де еш қауіп жоқ. Ешкім зардап шекпеді. Су деңгейінің көбеюі немесе көтерілуі жөнінде бірден жедел кезекшінің 122 нөміріне хабарлама түседі.

З. Санай