Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Қазақстан шетелде өз мүддесін қорғау үшін шетелдік білікті заңгерлерді жалдады

AstanaTV
22.05.2019ж. 20:00
2406
Қазақстан шетелде өз мүддесін қорғау үшін шетелдік білікті заңгерлерді жалдады

Қазақстан шет мемлекеттердің соттарында өз мүддесін қорғау үшін Лондон, Нью-Йорк пен Париждегі білікті заңгерлерді млн-даған сомаға жалдаған. Бұл туралы арнамызға Әділет министрі Марат Бекетаев хабарлады. Бұдан бөлек, Қазақстан Швеция, Нидерланды мен Бельгия елдеріндегі қорғаушылар мен арбитрлердің көмегіне де зәру екен. Заңгерлердің қызметі үшін еліміздің Әділет министрлігі 17 жарым миллиард теңге сұрап отыр. Яғни бұл қаржы енді жыл сайын бюджеттен бөлінуі тиіс. Бекетаевтың сөзінше, былтыр шетелдік соттарда, мемлекеттік және сот органдарында Қазақстан Үкіметінің қатысуымен 27 іс қаралған. Олардың ішінде молдовалық кәсіпкерлер - Анатолий және Габриэл Статидің де істері бар. 

Марат БЕКЕТАЕВ,  ҚР ӘДІЛЕТ МИНИСТРІ :

Осындай бірнеше іс қаралды. Бұл арбитраждық процестің құпия екендігін ашық айту керек. Инвесторлардың көбісі арадағы түсініспеушіліктер мен кедергілерді көрсеткісі келмейді. Біздің оппоненттер білікті мамандардың көмегіне жүгінеді. Олар - өз ісінің шебері. Сондықтан қорғанысымыз мықты болуы үшін солардың деңгейіндегі мамандарды жалдау керек. Олар - Лондон, Нью-Йорк, Вашингтон мен Париждегі заңгерлер. 3

Е. Карин