Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

С.Түгелдің кандидатурасын қолдауға бағытталған концерт өтті

AstanaTV
23.05.2019ж. 20:00
1918
С.Түгелдің кандидатурасын қолдауға бағытталған концерт өтті

Ал Сәдібек Түгел «Жерұйық» деп атауды өзі ұсынған саябақта халықпен жүздесіп, көпшіліктің көкейіндегі сауалдарға жауап берді. Кандидаттың айтуынша, елордадағы бұл жерге 20 жыл бұрын алғашқы тал отырғызылған. Бүгінде 10 мыңнан аса түп ағашы бар саялы баққа айналды. Президенттікке үміткер сайлауалды тұғырнамасын таныстыру үшін бүгін мұнда концерт ұйымдастырды. Кешті тамашалауға жиналған тұрғындар саябақтың тарихымен де танысты. Әрі кандидаттың бастамаларына қатысты ойларымен бөлісті. 

Сәдібек ТҮГЕЛ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ КАНДИДАТ :

Елбасы тоғайды салып, сұйын құйғаннан кейін, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Сол кезде бір журналист әріптесіміз сұрақ қойды. Нұрсұлтан Әбішұлы мына саябаққа қандай ат қою керек деп. Мен айттым Нұрсұлтан Әбішұлы осыған жерұйық деп ат қойсақ қатеді деп. Елбасымыз қолдаймын деді.

Күләш КӘЙЛӘНҚЫЗЫ, ЗЕЙНЕТКЕР:

Ол кісінің бағдарламасы жүрекке өте қонымды. Әсіресе ұлттық құндылықты ұлықтау, жастар тәрбиесі.

А. Бектас