Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Астана-1 электронды жүйесінің арқасында кәсіпкерлер бір жылдың ішінде 77 млрд тг үнемдеді

AstanaTV
27.05.2019ж. 20:00
1924
Астана-1 электронды жүйесінің арқасында кәсіпкерлер бір жылдың ішінде 77 млрд тг үнемдеді

Есесіне тауарларды декларациялауға арналған Астана-1 электронды жүйесінің арқасында кәсіпкерлер бір жылдың ішінде 77 млрд тг үнемдеген. Кедендік тексерістің 70 пайызы «Жасыл дәліз» бойынша рәсімделіпті. «Nur otan» партиясының кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесінің отырысында Қаржы министрінің орынбасары осындай статистикамен бөлісті. Электронды жүйеде тауар туралы барлық ақпарат шығып тұрады. Оған адам мүлде араласпайды. Бұл парақорлықтың азаюына да әкелген. Егер жүйе қандай да бір қателік анықтаса, декларация «Сары дәлізге» жөнелтіледі. Мұндайда қатысушы қосымша мәліметтерді өткізуге мәжбүр болады. Осылайша декларациялардың 15 пайызы, ал «қызыл дәліз» бойынша 9 пайызы рәсімделген.

Руслан ЕҢСЕБАЕВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Қызыл дәлізге түскен декларацияларды инспекторлар тексереді. Қателіктер жөнделгеннен кейін, ол жасыл дәлізге аударылады. Бұрын декларацияларды рәсімдеуге 2 сағат кететін. Қазір автоматты жүйені 1-ақ минутта рәсімдейді. Жүйе осы шілдеден бастап өнеркәсіптік пайдалануға көшіріледі.