$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде төрт орынға ілгеріледі

AstanaTV
29.05.2019ж. 20:00
6287
Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде төрт орынға ілгеріледі

Қазақстан бәсекеге қабілеттілік рейтингінде төрт орынға көтеріліп, 34-ші орынды иеленді. Бұған дейін еліміз 38-ші орында тұрған еді. Бұл деректі Менеджментті дамыту институтының дүниежүзілік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы жария етті. Биыл еліміздің көрсеткіші жақсарып, 29 елді артта қалдырған. Олардың ішінде Испания, Италия, Түркия мен Ресей мемлекеттері бар. Осылайша Қазақстан Грекия мен Эстонияның ортасына табан тіреген. Қазір тізімнің басында Сингапур тұр. Бұл ел бір жылдың ішінде екі орынға жоғары жылжып, АҚШ-тың өзін үшінші орынға ығыстырды. Екінші позицияға Гонконг жайғасты. Ал Біріккен Араб Әмірлігі былтырғы жетінші орнынан ілгерілеп, үздік бестіктің қатарынан көрінді. Бұған дейін Қазақстан әскери күш-қуаты бойынша 137 елдің ішінде 54 орында тұрған еді. Ал әлемнің ең бақытты елдерінің арасында 60-ыншы орынды иеленді.

Е. Карин