$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шағын және орта бизнес өкілдеріне салықты төмендету керек

AstanaTV
29.05.2019ж. 20:00
1846
Шағын және орта бизнес өкілдеріне салықты төмендету керек

Отандық өнімдерді танымал брендке айналдыру үшін кәсіпкерлерге салынар салықты төмендету керек. Тараз қаласындағы тігін кәсіпорнының ұжымымен кездескен Президенттікке кандидат Жамбыл Ахметбековтің жақтастары осылай мәлімдеді. Кездесуде облыстық штабтың жетекшісі Жарылқасын Нұрәлиев отандық тауарөндірушілерге мемлекеттік қолдау керектігін атап өтті. Бұл үшін шағын және орта бизнеске салынар салықты төмендету керек деді. Несиенің жылдық мөлшерлемесі азайтылғанда ғана елімізде жасалған тауарлар көбейіп, сұраныс артады. 15 жыл бұрын ашылған кәсіпорын қазір 4 бағыт бойынша еңбек етеді. Біріншісі тігін цехы болса, екіншісі қолөнер бұйымдарын жасау. Сонымен қатар, 3D аппараттардың көмегімен ағаш өңдеп, киім тігу технологиясын үйрететін оқу орталығы да жұмыс істейді.  

Жанат БАСТАУБАЕВА, ҚКХП ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ КОМИТЕТІНІҢ ЕКІНШІ ХАТШЫСЫ: 

Қазақстан коммунистік xалық партиясы шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жасауға ерекше мән береді. Бүгінде салықтың жылдық көлемі 12%. Партиялықтар салықты төмендету арқылы кәсіпкерлердің жағдайын жеңілдетуді көздейді. Сонымен қатар, отандық тауар өндірушілерге несие пайызын төмендетіп, жылдық мөлшерлемені 3,5% дейін жеткізуге бағытталған қосымша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Е. Карин