$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қырғыз азаматтары Бишкектегі Қазақстан елшілігі алдында пикет өткізді

AstanaTV
26.10.2017ж. 20:00
2558
Қырғыз азаматтары Бишкектегі Қазақстан елшілігі алдында пикет өткізді

Қырғызстан халқы қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдай туралы дұрыс ақпараттандырылмаған. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі осындай мәлімдеме жасады.  Бүгін Қырғызстан азаматтары Бишкектегі Қазақстан елшілігі алдында пикет өткізген еді. Жиналған 25 шақты адам қазақ-қырғыз шекарасындағы жағдайға наразы. Оған қатысушылар Қазақстан тарапына петиция жолдаған.

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада: "Екі ел үкімет басшының кездесуінде шекараны кесіп өтудің негізгі тәртібімен қамтамасыз ету келісілген. Бұл келісім сақталып отыр. Оның үстіне Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында премьер-министр Бақытжан Сағынтаев шекарадағы бақылау не себептен күшейтілгеніне түпкілікті ақпарат берді", - делінген.