«Жас Қанат - 2019» байқауының басталуына екі күн қалды. Осымен 28-ші рет өтетін жас орындаушылар байқауына еліміздің 10 қаласынан 14 мықты қатысады. Олардың ең жасы 15 жаста болса, үлкені 29-да. Сондай-ақ жалғыз трио да бар. Жылда бір форматта өтетін байқаудың ерекшелігі ретінде «Мистер Жас Қанаттың» таңдалынатынын айтуға болады. Ол номинация қатысушының вокалдық қабілетіне емес, харизмасы мен сахналық мәдениетіне қарай беріледі. Ал бүгін қатысушылар реттік нөмерлерін алып, дәстүр бойынша Президент паркіндегі «Жас Қанат аллеясына» тал текті.
Айдарбек БАУБЕК, ҚАТЫСУШЫ:
Негізі барлық қатысушылар 1 саны түскенін қаламайды. Бірақ мен бұл жарыста 1 түскенін қаладым және де түсті. Мен өте қуаныштымын. Және де барлық қатысушыларға, достарыма сәттілік тілеймін. Барлық достарым, ата-аналарым қолдап осы байқауға жеткізді, енді мен сол кісілердің үмітін ақтаймын деген ойдамын.
Ә. Өмірзақ