Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Ақтөбеде түрлі-түсті металл қабылдау орындарына бақылау күшейтілді

AstanaTV
30.05.2019ж. 20:00
3789
Ақтөбеде түрлі-түсті металл қабылдау орындарына бақылау күшейтілді

Ақтөбеде металл қабылдайтын пункттерге бақылау күшейтіледі. Осы мақсатта қалалық билік, полицейлер мен кәсіпкерлер ортақ келісімге келіп, бірлесіп жұмыс жасамақ. Бұдан былай кәсіпкерлер металл тапсырушылардың жеке құжаттарын талап етіп, арнайы есеп жүргізетін болады.  

Өңірде «Сынықтарды және түсті, қара металл қалдықтарын жинау, өткізу бойынша компаниялар қауымдастығы» құрылды. Оған 45 түрлі-түсті металл қабылдау орны мүше. Қауымдастыққа кірген кәсіпкерлер әрбір тауар тапсырушыдан құжаттарын талап етіп, есеп жүргізбек. Осылайша қылмыстың алдын алу көзделген.

Төлеген ТЕМІРБАЕВ, СЫНЫҚТАРДЫ ЖӘНЕ ТҮСТІ, ҚАРА МЕТАЛЛ ҚАЛДЫҚТАРЫН ЖИНАУ, ӨТКІЗУ БОЙЫНША КОМПАНИЯЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Қазақстан бойынша ұрлықтың алдын алу. Өзіңіз көріп отырсыздар құбыр қақпақтары жоғалу үстінде, оның арты адам өліміне әкеліп жатыр. Соның бәрін тәртіпке шақыру.

Құбыр қақпақтары, электр сымдары мен шойын қоршаулар тағы да басқа тауар қабылдауға тыйым салынған. Биыл Ақтөбеде түрлі-түсті металл ұрлығына қатысты 2 мыңнан аса қылмыстық іс қозғалған. Оның жартысынан көбі ақыры ашылмапты. Бағбандар қыста бес бірдей бау-бақша ұжымының бес жүз метр құбырлары ұрланғанын айтады. Ұры ақыры табылмаған. Саяжайлардан темір қоршаулар, есік, терезе тіпті темір қасыққа дейін қолды болатын көрінеді.

Василий ОДИНЦОВ, БАУ-БАҚША ҰЖЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Мен бізден ұрланған құбырлар бойынша арыздандым. Қылмыстың құрамы жоқ деп іс қысқарды. Біздің қолымызда құжаттарымыз бар, дәлелді тауып тұрмыз. Сонда да жауып тастады. Ал жалпы бау-бақша ұжымдарына қатысты қылмысқа олар ат үсті қарайды. Ұрланды ма ұрланды, болды. Ешкім іздемейді.

Жалпы биыл темір қабылдау орындары полицейлермен бес рет тексерілген. Мамандар темірге қатысты қылмыстың ашылмауына уақтылы хабарланбауынан деп отыр. Өңірде белең алған ұрлыққа қарсы күрес темір қабылдау орындарын бақылаудан басталмақ.

Орналы ӘБДІҒАЛИ, АҚТӨБЕ ҚАЛАЛЫҚ ПБ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Темір қабылдау пукті иелері егерде келген адамдар темір тапсырған жағдайда олардың жеке куәлігінің көшірмесін алады. Аты-жөндерін тұрғылықты жерлерін жазады. Солар бойынша жұмыс жүреді. Егерде олай жүргізбеген жағдайда сол темір қабылдау пункттері иелеріне қарсы шара қолданамыз.  

Ендігі жерде қауымдастыққа енген кәсіпкерлер полицейлермен бірлесіп жұмыс жасамақ. Ал олардың жұмысын арнайы комиссия бақылайтын болады.

Б. Рахметова