Киев
орталығында болған жарылыс теракт деп танылды. Төтенше жағдай кезінде Жоғары
Рада депутаты Игорь Мосийчук жарақаттанып, тағы бір адам қаза болды. Рейтерс
агенттігінің хабарлауынша, бүгінде оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған.
Оқиға жергілікті телеарнаның алдында болған. Куәгерлердің айтуынша, жақын жерде
тұрған мотоцикл жарылған. Ауыр жарақаттанған депутат Мосийчукке ота жасалды. Ал
оның оққағары көз жұмды. Депутат Антон Геращенко өзінің «Фейсбук» парақшасына: «Жарылғыштың қуаты 1 келі тротил экваливентінен кем емес»,- деп жазды.
Жапа
жеккен Игорь Мосийчук - Радикалдар партиясынан сайланған Жоғары Раданың депутаты.
Саяси ұйымның көшбасшысы Олег Ляшко бұл қастандықты оның кәсібімен
байланыстырып отыр. Айта кетсек, бұған дейін ақпарат құралдарында Мосийчуктің
жемқорлыққа қатысты дау-дамайдың ортасында қалғаны жарияланып еді. Оған пара
алды деген айып тағылған.