Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Қ. Тоқаев моно және шағын қалаларда әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытпақ

AstanaTV
03.06.2019ж. 20:00
1913
Қ. Тоқаев моно және шағын қалаларда әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамытпақ

Моно және шағын қалаларда әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымдар дамитын болады. Бұл Президентікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған мақсаттарының бірі. Сайлауалды бағдарламасында өңірлердің жан-жақты дамуына мүмкіндік жасалатыны жазылған. Соның негізгі тармақтарын бүгін Республикалық қоғамдық штаб өкілдері Алматы облысының жұртына жеткізді. Текелі қаласына келген партия өкілдері өңірлерді дамыту тақырыбына ерекше тоқталды. Өйткені Қасым-Жомарт Тоқаев шағын және орта бизнестен алынатын корпоративті табыс салығын республикалық бюджеттен алып, өңірлерге беруді жоспарлап отыр. Ол мақсат жүзеге асса, аймақтардың әлеуметтік дамуы ілгері басады. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР Қ. ТОҚАЕВТЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ:   

Қасым-Жомарт Кемелұлы бағдараламасындағы негізгі басымдықтарының бірі - шағын қалаларда, мона қалаларда тұратын халықтың жағдайын арттыру, әлеуметтік стандартты ірі қалалардың деңгейіне жеткізу. Осы мәселені біздің кандидатымыз көтеріп отыр. Бұл не деген сөз, мектептердің сапасын күшейту деген сөз, медициналық қызметтің сапасының қолжетімділігін қамтамасыз ету деген сөз. 

Г. Меңдеева