Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Д. Еспаева ұлттық құылықтарды дәріптеуге де мән беріп отыр

AstanaTV
03.06.2019ж. 20:00
2285
Д. Еспаева ұлттық құылықтарды дәріптеуге де мән беріп отыр

Рухани жаңғыру – ел дамуының кепілі. Президенттікке үміткер Дәния Еспаева өз бағдарламасында кәсіпкерлікті дамытумен қоса, ұлттық құндылықтардың дәріптеуге де мән беріп отыр. Осыған орай кандидаттың Қызылорда облыстық сайлауалды штабы «Қазақстан халқының рухани-мәдени саласын дамыту» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Жиынға оқу орындарының оқытушылары, тарихшылар мен «Ақ жол» партиясының мүшелері қатысты. Рухани жаңғыру – ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарынан құрылған маңызды құжат. Басқосуда мақаладағы әрбір бағыт талқыланып, оның қалай іске асырылып жатқаны айтылды. Әсіресе, ұлттық болмыс пен ұлттық код, ұрпақ тәрбиесі жайы кеңінен сөз болды. «Рухани жаңғыру»- ел дамуына тың серпін берді.  

Қазыбек ИСА, «АҚ ЖОЛ» ДП ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  

Мемлекеттік тіліміздің дамуы, латын әліпбиінің дамуы, кешегі ұлы даланың жеті қыры қосылды оған. Осындай қасиетті өлкелеріміздің, сондай-ақ жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру мақсатында өткізіп отырмыз жиынымызды. Дәния Еспаеваның бағарламасында мәдени салаға да көп орындар берілген.

Г. Меңдеева