Спорт Қазақстан
$443.37 €474.49 ₽4.83
×

Аграрлық ғылымды мықтап дамыту керек – кандидат Т. Рақымбеков

AstanaTV
03.06.2019ж. 20:00
1806
Аграрлық ғылымды мықтап дамыту керек – кандидат Т. Рақымбеков

Қазба байлықтарға сеніп отыра бермей, аграрлық ғылымды мықтап дамыту керек. Осындай ұстанымдағы кандидат Төлеутай Рақымбеков Алматыдағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерімен кездесті. Орталық топырақтың құнарлылығын арттыратын технология әзірлейді. Теңдесі жоқ бастамалары да бар. Ғылыми жұмысқа жағдай жақсы жасалған, жалақы жоғары. Төлеутай Рақымбеков барлық зерттеу институттарына осылай қолдау көрсетілсе, ауыл шаруашылығында өнімділік артады дейді. Кездесуде жас салаға мамандарды тарту, жұмыссыздықпен және жемқорлықпен күрес мәселелері де сөз болды.  

Төлеутай РАҚЫМБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:  

Оған бүкіл жағдай жасау керек. Ол тек қана ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысу керек. Осы жағдайды жасасақ, ғалымның да қосатын үлесі жоғар болады, тиімді болады деп есептеймін. Ғалымды басқа бір жұмысқа пайдаланып, не болмаса оған жағдай жасамасақ, ол алтын күрекпен жер қазғанмен бірдей болады.

А. Сейфулла