Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Кандидат Ж. Ахметбеков Шығыста үгіт жүргізді

AstanaTV
03.06.2019ж. 20:00
2077
Кандидат Ж. Ахметбеков Шығыста үгіт жүргізді

Ал Жамбыл Аxметбеков үгіт-насихатты Семейде жалғастырды. Аймаққа арнайы ат басын бұрған кандидат электоратпен кездесіп, халықты сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Коммунистік халық партиясының негізгі бағыты мен міндеті туралы айтып, социализм құру идеясын алға тартты. Жиылғандар үміткердің үндеуін қолдап, партия жұмысына қатысты ұсыныстарымен бөлісті. Семейлік сайлаушылар депутаттар қатарында қарапайым еңбек адамы болғанын қалайды. Бұл - кез келген саладағы мәселені іштен анықтап, тез шешуге сеп болады деген үмітте. Кездесу шағын концертпен аяқталды. Зейнеткерлердерден құрылған өнер ұжымы ән айтып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.  

Жамбыл АХМЕТБЕКОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТТІГІНЕ ҮМІТКЕР:  

Қазіргі кездегі капитализмнің бет пердесі мен социализм екеуінің арасындағы айырмашылығы туралы көп мәселелер көтерілді. Соның ішінде біздің бағдарламаға сәйкес социализм құру идеясы. Біз халыққа бұрылған қоғамдық формацияны қолдайтынымызды айта отырып, социализм бағыты қазіргі кезде xалыққа ең тиімді жүйе екенін ескертеміз.

А. Бектас