$498.34 €519.72 ₽4.85
×

"САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" мен «ХЕВЕЛ» Қазақстанда күн энергиясын дамытады

AstanaTV
07.06.2019ж. 20:00
2225
"САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" мен «ХЕВЕЛ» Қазақстанда күн энергиясын дамытады

Алдағы екі жылда «Хевел» компаниялар тобы еліміздің баламалы энергия көздері саласында ауқымды жобаларды іске асырады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» Акционерлік қоры және «Хевел» компаниялар тобы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою барысында белгілі болды.

«Хевел» компаниялар тобы еліміздің оңтүстігінен жалпы қуаттылығы 70 мегаваттық екі күн электр стансасын салуға жарияланған аукционның жеңімпазы деп танылды. Санкт-Петерборда өткізілген халықаралық экономикалық форумда кездескен «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қорының Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Хевел» компаниялар тобының бас директоры Игорь Шахрай осындай мәмілеге келді. Тараптар коммерциялық байланысты дамыту, екіжақты инвестициялар көлемін және баламалы энергия көздері саласындағы технологиялар трансфертін ұлғайтуға уағдаласты. Бұл меморандум отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етпек. Осылайша «Хевел Казақстан» еліміздегі күн энергетикасы саласындағы жобаларға инвестиция салады. Инвестиция көлемі жоба талаптарына сәйкес анықталады. Сонымен қатар, кездесу барысында Ахметжан Есімов елдегі энергетиканы дамытудың ұлттық бағдарламасын жүзеге асыру бойынша қандай жұмыс атқарылып жатқанын баяндады. Бүгінде қуаты 100 мегаваттық Орталық Азиядағы ең ірі «Бурное» күн электр станциясын іске қосу аяқталды. «Бурное-1» және «Бурное-2» станциялары күн энергетикасын дамытып, қоршаған ортаға тиетін зиянды төмендетуге, пайдалы қазбалар қорын үнемдеуге және парниктік газдардың шығарылуын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл жобалар көмірқышқыл газының шығарылуын жылына 120 мың тоннаға және күкірт диоксидін жылына 1800 тоннаға азайтады. Айта кету керек, Хевел - Ресейдің күн энергетикасы саласындағы ең ірі компаниясы. Соңғы бес жылда Хевел Ресейдің бірнеше аймағында 380 мегаваттық күн энергетика желісін салды.

Е. Карин