Негізгі / Жаңалықтар / Қарағандылықтар үшін Президент сайлауы Геннадий Головкиннің жеңісімен есте қалды

Қарағандылықтар үшін Президент сайлауы Геннадий Головкиннің жеңісімен есте қалды

Қарағандылықтар үшін президент сайлауы Геннадий Головкиннің жеңісімен есте қалды. Қаладағы учаскелерде Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасындағы жекпе-жекті үлкен экраннан тамашалауға мүмкіндік жасалды. Саяси науқаннан уақытша қамау изоляторы, әскери бөлім секілді жабық мекемелер де сырт қалмады. Кеншілер шаһарындағы ашық және жабық сайлау учаскелеріне барған Айжан Қуаштың материалы.

Кезінде Геннадий Головкин білім алған Майқұдық ауданындағы 65- інші мектепте екі бірдей сайлау учаскесі жұмыс істеді. Дауыс беруге келген жұрттың назары спорт залға қойылған үлкен экранда. Көп күттірмей Гена да канадалық Стив Роллсты накаутқа жіберді. Көнекөз қариялар қазақ елі таңдаған президенттің де жұлдызы жарқырасын,- десті. 

Ырысты БАЙДӘУЛЕТОВВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Сол Головкин сияқты мықты жеңіске жетсін деп отырмын. Қазақстанымыздың туы көкке желбіресін! Сол үшін келіп отырмын таң атпай, баламды ертіп.

Президент сайлауына уақытша ұстау изоляторына қамалған азаматтар да келді. Оларға қатысты сот шешімі шықпағандықтан, Заң бойынша дауыс беруге құқы бар. Қарағандыда 3 жүзге тарта айыпталушы жабық сайлау учаскесіне күзетшілердің бақылауымен әкелінді. Ал ел бойынша тергеудегі 4 мыңдай адам саяси науқанға үн қосқан. Сайлауға сотталған 3700 адам ғана қатыса алмады. 

Еркебұлан СҮЛЕЙМЕНОВ, АЙЫПТАЛУШЫ:

Біз мың жерден қамауда болсақ та, үкіметіміз бізді сыртта қалдырмай біздің әрбір дауысымыз маңызды болғанына мен мың да бір рақмет айтқым келеді. Камерамызда қапталы қағаздар болды, әрбір кандидаттың өзінің, сол бағадарламалармен танысып өзіме ұнаған кісіге дауысымды бердім.

Есімжан БАЙТАСОВ, ҚАРАҒАНДЫ ҚАЛАСЫ АК159/1 МЕКЕМЕСІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Мекемедегі әрбір камерада, яғни қапаста радио бар. Айыпталушылар сол радио желісі арқылы кандидаттардың бағдарламасымен танысты. Онымен қоса ақпарат парақшаларын тараттық.

Сайлаудан сарбаздар да сырт қалмады. Бүгін Қарағанды облысының 5 әскери бөлімінде борышын өтеп жатқан 4 мыңға жуық жауынгер дауыс береді. 

Маржан ОРАЗБЕКОВА, САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Әскери орта, әскери адамдар болғаннан кейін барлығы нық-нық ұйымдастырылған, бәрі уақытында келді. Сап-саппен, жанымызға келіп әрқайсы дауыстарын берді. 

Айжан ҚУАШ, ТІЛШІ:

Ресми мәліметке сүйенсек, Қарағанды облысында 900 мың сайлаушы бар. Тұрғындар үшін 787 сайлау учаскесі жұмыс істеді. 

А. Қуаш