Спорт Қазақстан
$442.05 €474.14 ₽4.74
×

Дауыс беру аймақтарда жоғары белсенділікпен өтуде

AstanaTV
09.06.2019ж. 20:00
2155
Дауыс беру аймақтарда жоғары белсенділікпен өтуде

Өңірлердегі бұқараның дауыс беру белсенділігі жоғары. Сарапшылар тұрғындардың ат салысуын бас бармақпен бағалап отыр. Мәселен, мұнайлы Маңғыстаудағы теңіз әскерилері де саяси мерекеден қалыс қалмады. Олар дауыс беру үшін кемелерімен жағаға келді. Ал Шығыста жас аналар белсенділік танытты. Таңдауын жасаған тараздық егіздер де ел ертеңі үшін бірінші рет дауыс берді. Данияр Әлімқұл толықтырады. 

Ақтауда бірден екі әскери бөлім қызметкерлері мен сарбаздар дауыс берді. "22 де 01 және 22 де 01 А" әскери бөлімінің жасанған жауынгерлері Каспий жағалауын күзетеді. Ақтау портына 9 кеме тоқтады. Жабық сайлау учаскесіне жақындаған жауынгерлер жалғыз емес, жұбайларын да ерте келген. Сарбаздардың тең жартысы бірінші рет өз мүмкіндіктерін пайдаланып отыр. 

Ернұр ХАМИТ, АҚТАУ ҚАЛАСЫ 2201 ӘСКЕРИ БӨЛІМІНІҢ ЖАУЫНГЕРІ:

Бұл - менің бірінші рет дауыс беруім. Әрине, толқып тұрмын. Өйткені елімнің ертеңі ол менің таңдауыма тікелей байанысты.

Ал Өскемендегі «Ана мен бала» орталығындағы жас ана мен босанатын уақытын күтіп жүреген екі жүзге жуық келіншектер те дауыс берді. Жылжымалы жәшік арқылы дауыс берген Ксения Шутилина бүгін қызды болды. Анасы кейін қызым өскенде оның туған күні мен Президентті таңдау күні тұспа-тұс келгенін мақтаныш ететінін айтты.

Ксения ШУТИЛИНА, ӨСКЕМЕН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Мен өте қатты қуаныштымын, өйткені мен жаңа ғана жарық дүниеге келген қызымыз екеуміз өз таңдауымызды жасап келдік. Қызым үшін дауыс бердім. Оның болашағы жарық болатынына сенгендіктен.

Ал Таразда ел болашағы үшін егіздер дауыс берді. Әнел, Әсел Мустафиналар таңмен таласа тұрып 464-ші сайлау учаскісіне асықты. Қос қарлығаш қаладағы орта оқу орнының бірінде аспазшы мамандығында оқиды. 

Әсел МУСТАФИНА, СТУДЕНТ:

Біз осы саяси науқанға қатысқанымызға қуаныштымыз. Бүгін біз үшін өте жауапты күн болды. Біздің болашағымыз осы сайлауға тікелей байлынысты. Біз өз болашағымыз үшін және жастар жылы болғандықтан осы сайлауға келіп отырмыз. Өйткені, біз болашағымызға бей-жай қарамаймыз. 

Бүгін көптеген қалаларда сайлаудың құрметіне қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін тасымалдады. Автобустардың жүру уақыты ұзаққа созылғанымен бұл жүргізушілердің де дауыс беруіне мейлінше мүмкіндік берді.

Д. Әлімқұл