Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Атырауда 101 жастағы кейуана дауыс беруге келді

AstanaTV
09.06.2019ж. 20:00
2505
Атырауда 101 жастағы кейуана дауыс беруге келді

Біздің тілшілеріміз қарттар үйінде де болып, ондағы дауыс беру науқанын бақылады. Атыраудағы әріптесім Базаргүл Нәдірқызы қазір бізбен байланысқа шығуға дайын. Базаргүл Нәдірқызы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы сайлаушылар көңіл-күйін біліп келді.

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Әдетте теледидар көріп, дойбы ойнап уақыт өткізетін қарттар бүгін сайлау учаскесі ашыла сала дауыс беруге асыққан. Мұнда 98 тұрғын бар. Олардың кейбірі төсектен тұра алмайды. Олар жатқан палаталарға дауыс жинайтын жәшік пен бюллетеньдер кіргізілді. 

Людмила ХУДИНА, №4 АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Таңертеңнен бері көңіл-күйіміз көтеріңкі. Бұл күнді асыға күттік. Мемлекетіміздің бейбітшілік, молшылық, тыныштықта өмір сүруі үшін дауыс береміз. 

Саяси науқанға ат салысу үшін 101 жастағы аймақ тұрғыны Балзиба Мәжитова қаладағы нөмірі 8-ші сайлау учаскесіне келді. Негізі кейуана Қызылқоға ауданында тұрады. Қалаға тойға келген, балаларына дауыс беруге баратынын айтып, алдын-ала сайлау учаскесіне тіркетіп қойыпты. Ал 43-ші сайлау учаскесінен "Қашаған" кен орнының 374 жұмысшысына бюллетеньдер мен жәшік жөнелтілген. 

Аэлита ҒАДИЛОВА, АТЫРАУ ҚАЛАСЫ №43 САЙЛАУ УЧАСКЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

"Қашаған" қызметкерлерінен біздерге арыз түскен болатын. Сайлауға дауыс беру маңызды болғандықтан, №43 сайлау учаскесінен төраға орынбасары мен комиссия мүшесі кетіп бара жатыр. 

Атырау облысы бойынша 410 мыңға тарта сайлаушы тізімі бар. Оның 18 мыңнан астамы мүмкіндігі шектеулі жандар. Сайлау учаскелерінде оларға жағдай жасалыпты. 

Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Арбаға таңылған және көру қабілеті бұзылған сайлаушылар үшін 16 инватакси, 7 сурдоаудармашы қызмет көрсетті. Ал халықтың сайлауға белсенділігін арттыру үшін қалада қоғамдық көліктер тегін қызмет көрсетіп жатыр.

Б. Нәдірқызы