Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Астанада "Әке балаға сыншы" атты ер балалар арасында сайыс өтті

AstanaTV
25.10.2017ж. 20:00
7069
Астанада "Әке балаға сыншы" атты ер балалар арасында сайыс өтті

Астанада "Әке балаға сыншы" атты ер балалар арасында сайыс өтті. Кім мықтыны анықтайтын бұл бәсеке Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында отбасылық, мәдени, рухани құндылықтарды насихаттауда өткізіліп отыр. Байқаудың мақсаты - ата салтын насихаттай отырып, нағыз қазақ жігітінің бойындағы қасиеттерімен таныстыру. Сайысқа 16 мен 23 жас аралығындағы ер балалар қатысты. Жігіттер додасы бірнеше кезеңдерден тұрды. Атап айтсақ, өзін-өзі таныстыру, сұрақ-жауап, гір тартудан күш сынасты. Игі шараға мұрындық болған - Астана қаласының әкімдігі.

Сәкен Есіркеп, Астана қаласы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

Бізде көбіне гендерлік саясат, әйелдердің көшбасшылығы, әйелдердің құқығын қорған мәселесі көп көтеріледі. Ал әкелер институтын айту, ұл балалардың тәрбиесі мәселелері көбіне ақсап қалып жатады. Осы мәселені ескеріп, біз биыл арнайы жобаны қолға алдық. Әлеуметтік жоба бұл.

Жігіт сұлтандарына баға беруші қазылар алқасының айтуынша, қазіргі кезде қазақ жігіттерінің қоғамдағы рөлі әлсіреп кеткен. Мәселенің барлығы өз елін сүйер, намысшыл нағыз қазақ жігітінің қасиеттерін сіңіруде отбасылық тәрбиенің төмендігі.

Омар Жәлел, әділ қазылар алқасының мүшесі:

Бұл өте орынды шара. Қазіргі кезде қазақ қоғамында ер балалардың тәрбиесі әлсіреп кетті. Ер балалар отбасында отағасы бола алмай отыр. Ал сіздер білесіздер, отағасы дегеніміз - отбасының басшысы. Соның рухани һәм материалды қамтамасыз ететін көсемі болу керек. Өкінішке орай, біз соған лайықты тәрбие бере алмай жатқандықтан да, бізде қазір үш некенің екеуі ажырасып жатқаны сондықтан.

Сайыс соңында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен және дипломдармен мараппатталды.