Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Оралда іріңді менингиттен 10 айлық нәресте қайтыс болды

AstanaTV
11.06.2019ж. 20:00
2661
Оралда іріңді менингиттен 10 айлық нәресте қайтыс болды

Орал қаласында іріңді менингиттен 10 айлық нәресте шетінеп кетті. Дәрігерлер барын салса да аман алып қала алмады. Бірнеше күн бойы ыстығы басылмай қойған бала маусымның екісінде ауруханаға түскен. Ата-анасы бастапқыда тісі шыққалы жатыр деп ойлаған. 10 айлық сәбиді емдеу кезінде дәрігерлер әлденеше рет астанадағы мамандармен кеңескен көрінеді.  

Айнагүл САКПУСУНОВА, БҚО ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Нәрестеге іріңді менингит диагнозы қойылған. Ауру пневмонияның кесірінен асқынып кетті. Мамандар күнделікті консилиум өткізіп отырды. Тиісті ем-дом жасалған еді, бірақ баланы аман алып қалу мүмкін болмады.

Дәрігерлер ыстық түспесе, дене тоңазыса, бөртпе шықса және бас ауырып, бұлшық еттер сырқыраса тез арада медициналық көмекке жүгіну керек дейді. Іріңді менингиттен емделмегендердің 50 пайызы дүние салады екен.

Д. Қайыртай