Нұр-Сұлтан қаласындағы балабақша орындарын үйлестіру жүйесіне 500-ден астам хакерлік шабуыл жасалған. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін жүйе тізіміне енген және тіркелген азаматтардың деректері қайта қалпына келтірілмек. Әкімдік маманы жүйені іске қосардан бұрын балабақшаларға бос орындарды бөлудің жаңа кестесі әзірленетінін айтты. Жүйе осы аптада іске қосылмақ.
Жазира АСАНОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
Бірінші кезекте барлық жүйе қайтадан тексерістен өткізіліп жатыр. Өйткені біз қауіпсіздік шараларын міндетті түрде қайтадан тексеруіміз қажет. Екінші жағдай ол жүйенің құрылғысы одан кейін байланыс арналарының қуаттылығын арттырудамыз қазір. Өйткені ол бізге қосымша тиімді және ашықтық түрде жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, биыл Қазақстан хакерлер шабуылына ұшырайтын топ-15 елдің қатарына енген. Касперский зертханасы жүргізген зерттеу қорытындысында 11-ші орында тұр. Ал фишингтік шабуылдар бойынша Қазақстан бірінші орында екен.
Н. Біләл