Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен кірісін арттыру керек. Бұл туралы «Nur Otan Trends» алаңында айтылды. Сарапшылар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалдан кейін көтерген мәселелері басшылыққа алынып, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге басымдық берілуі керек деп отыр. Сондай-ақ, бүгінгі күні іске асуы керек реформалар жайында айтылды. «Nur Otan» партиясының хатшысы Фархат Қуанғанов сайлау тәуелсіз еліміздегі ерекше саяси дода болды деді.
Фархад ҚУАНҒАНОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:
Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы күн тәртібіндегі жұмыстар жайында ұлықтау рәсімінде айтқан сөзінде айқындап берді. Президенттің бірінші кезекте айтқаны - Қазақстанның үшінші Жаңғыруы жалғасатыны. Қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен табысы бірінші мәселе, басымдылық берілетін міндеттер екені айқындалды.
Н. Біләл