Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Алматылық дарынды жас әлемнің 10 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды

AstanaTV
18.06.2019ж. 20:00
3818
Алматылық дарынды жас әлемнің 10 жоғарғы оқу орнынан шақырту алды

Алматы қаласының тұрғыны Дарын Утеулиев мектеп бағдарламасын үздік бітіріп, әлемнің он жоғарғы оқу орнынан білім алуға шақырту алып отыр. Физика-математикалық мектептің түлегіне терең білімі мен халықаралық олимпиадалардағы жеңісі осындай ғажап мүмкіндікті тарту еткен. Білімді жас өреннің жоспарымен тілшіміз танысып қайтты.

Дарын Утеулиев білім ордасын бітірген соң оқуын шет елде жалғастыруды бала кезінен армандапты. Ол физика-математикалық мектепті тек бестік бағамен бітіріп, қатарының алды болған. Талабы таудай бала оқу ордасында жүріп, әлемнің ең үздік университтеріне онлайн түрде емтихан тапсырып қойыпты. 

Дарын УТЕУЛИЕВ, ТҮЛЕК:

Онлайн толтырып тесттардың нәтижиесін енгізіп осы 11 класстың басында осы университеттерге тапсырдым. Жиырмадан астам шет елдердегі оқу орындарына тапсырдым. Қысқаша айтқанда Гонгонг технологиялық университеті, Қытай универститеті, Австралиядағы Сиднейда және Америкадағы Университет. Және бір 3-4 университет Канадан мен солардың жауабын күтіп отырмын.  

Дарынды бала кішкентайынан инженер болуды қалаған. Оның республикалық-халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысып, жүлде алған дипломдарының санында шек жоқ. Ағылшын тілінде еркін сөйлейтін Дарын шет елде білім алып, болашақта Қазақстанның өсіп-өркендеуіне өз үлесімді қоссам дейді. Ақылды баланың ата-анасы да ұлдарының бұл шешіміне бірден келісімін берген.  

Кенжегүл ҚОНЫСБАЕВА, АНАСЫ:

Мамам айтатын өмірімде бірінші рет сабақ оқимын деп жылаған баланы көрдім деп. Өзі мектепке түскеннен бастап өте тиянақты болатын. Біздің тұңғышымыз болғандықтан қатты толғанамыз әкесі екеуміз. Ойлану үстіндеміз. Шетелге жіберуге енді плюс минусы дейді ғой соны қарастырып отырмыз. Баламыз нені тандайды біз соған көмектесеміз.

Ата-анасымен, туыстарын қуантқан оқушы, жоғары оқу орнындарының біріне нақты таңдау әлі жасамапты. Мамандандырылған мектептің түлегі білім ошағындағы ұстаздарына шексіз алғысымды айтамын дейді.  

Алмас КҮНҒОЖИН, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ФИЗИКА-МАТЕМАТИКАЛЫҚ МЕКТЕПТІҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Біздің оқушыларымыз соңғы Республикалық олимпиадалардың нәтижиесі бойынша бірінші орында. Олардың ішінде 11 алтын медаль, 12 күміс медаль, 14 қола медальміз бар. Былтырғы статискамен алатын болсақ біздің төрттен бірі шетелге түсіп жатыр. Басқа да студенттеріміз бар Гонконгта оқиды. Оңтүстік Кореяда, Қытайда. Ресейлік ВУЗ-дар және кейбір Батыстың Вуздары біздің ҰБТ-ны қажет етпейді.

Ал жалпы физика мен математика пәндерін тереңдете оқытатын республикалық мектепті биыл 201 оқушы бітіріпті. Оның оны алтын белгі иегері екен. Білім ошағының мақтаныштары тақтасында 10 шақты министрдің суреті ілулі тұр.  

Ә. Лесбек