Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Халықаралық ретро раллиге қатысушылар Тобыл өңіріне жетті

AstanaTV
19.06.2019ж. 20:00
1512
Халықаралық ретро раллиге қатысушылар Тобыл өңіріне жетті

«Бейжің-Париж» халықаралық ретро раллиге қатысушылар Қостанайға ат басын бұрды. Шаһар тұрғындары сирек кездесетін автокөліктерді көріп, көне техникаларды тамашалады. Екі күн бұрын елордада болған көне көліктер шеруі Тобыл төріне кешкі сағат беске қарай келе бастады. Ретро көліктерді көруге асыққан көпшіліктің саны қисапсыз. Қостанайлықтар Bentley, Lancia, Packard, Horch секілді автомобилдерді қызықтады. Құны миллион еуро тұратын өзге де ретро көліктерді тамашалады. 3 жыл сайын өтетін халықаралық раллиге 1976 жылға дейін шығарылған көліктер ғана қатыса алады. Және қытайдан францияға дейінгі он бес мыңға жуық шақырымды жүріп өтуі тиіс. Халықаралық раллиге қатысушлар 8 мың шақырым қашықтықты артта қалдырғандарын айтады.

З. Санай