Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жеңілдікпен жапон көлігін аламыз деп алданғандар ісі сотта қаралуда

AstanaTV
19.06.2019ж. 20:00
2301
Жеңілдікпен жапон көлігін аламыз деп алданғандар ісі сотта қаралуда

Алматыда атағы дардай «Тойото Сити» орталығының менеджері Мадияр Оразақын 6 жыл, 8 айға бас бостандығынан айрылды. Ол былтыр жұрттың ақшасын жинап, оны жымқырды деген күдікпен айыпталған еді. Ал айыпталушының қорғаушысы соттың шешімімен келіспейді. Медеу аудандық сот отырысынан оралған тілшіміз Әсем Лесбек толықтырады. 

Бүгінгі сот отырысында жәбірленушілер емес, қорғаушылар белсенділік танытумен болды. Олар соттың шығарған шешімімен келіспей, әділдікті талап етулерін тоқтатпады. Өйткені сот Тойото сити орталығының менеджері Мадияр Оразақынға 6 жыл, 8 айға бас бостағынан айыруды берсе, компанияның тағы бір қызметкері Болат Кеншінбаевны 5 жарым жылға соттады.

Бекболат ЖЕКСЕИТОВ, АДВОКАТ:

Сотқа дейінгі тергеу кезінде іс жөнді сарапталмаған. Біз бұл шешімімен келіспейміз. Нақты сараптама жұмыстары жүргізілмеді. Русанов та басқа да менеджерлер де алаяқтықпен айналыспады.  

Ал, осы іске қатысы бар компания қызметкерлері Албина Жайлыханова 5 жылға, Валерий Русанов 2 жылға шартты жазаға кесілді. Сот отырысында орталықтан жапа шеккен тарапта аз болмады. Олар отырыстың соңына дейін айыпталушыларды әділ жазалауды талап етті. 30-ға жуық жәбірленушіні тақырға отырғызғандардың бірі Мадияр Оразақанның қорғаушысы ол бұл ақшаларды компания басшылығына берген дейді.  

Марат АСҚАРБЕКОВ, М. ОРАЗАҚЫННЫҢ ҚОРҒАУШЫСЫ: 

Жәбірленуші Қуатов айтқан: Мадияр Оразақын ақшаны алып менің көзімше басшылыққа берген деп. Оған кабинетіне барып қаражатты толықтай бере салған. Яғни басшылары ақганы әкеліп , сөреге қойып қобларын талап еткен. Орталықтың басқа да қызметкерлдері солай айтуда.

Айта кетейік, элиталық көлік сататын салон айналасындағы дау, былтырғы жылдың сәуір айында басталған. Ал жұрттан жымқырылған қаржының көлемі 300 миллион теңгеге жуықтайды. Айыпталушылар компания атынан келісім-шарт жасасып, қаржыны жұрттан қолма қол жинап алған. Жәбірленушілерге төлем чегін де бермеген. Ендігі келесі сот отырысы 26 маусымға қалдырылды.

 Ә. Лесбек