Қазақстан бинзині келер аптадан бастап экспортталады. Ол Еуропалық одаққа мүше емес мемлекеттерге жіберіледі. Ол - Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан секілді Орта Азия мен Еуропа елдері. Өнім Атырау мұнай өңдеу зауытынан тасымалданбақ. Бұл туралы халықпен есептік кездесуінде Энергетика министрі Қанат Бозымбаев айтты. Ай сайын АИ-92 маркалы бензиннің 60-70 мың тоннасы, ал АИ-95-тің 10-15 мың тоннасы өзге елдерге сатылады. Ал Қырғызстан, Армения мен Беларусьпен келіссөз әлі аяқталмаған. Бішкек пен Минск Қазақстан қойып отырған талапқа келіспей отырған көрінеді.
Қанат БОЗЫМБАЕВ, ҚР ЭНЕРГЕТИКА МИНИСТРІ:
Қырғызстан мен Белоруссия келіспей отырған мәселе бар. Біз қатал талап қойып отырмыз. Қазақстан сенімді тасымалдаушы боладыбірақ олар мұнайды да, мұнай өнімдерін де реэкспортқа шығармауы тиіс. Олар кедендік баж алуы мүмкін. Ал біз одаққа мүше елдерге тек баж салығынсыз жөнелте аламыз. Келіссөздер алда.
Министрдің айтуынша, шетелге Қазақстанда өндірілетін бензиннің 20 пайызы ғана экспортталады. Бүгінде өнім қоры асып-тасып тұр. Сондықтан оның бағасы да былтырдан бері арзандап жатыр. Өйткені мұнай өңдеу зауыттарына жаңа қондырғылар орнатылып, жаңартылған. Министрдің айтуынша, нарықта әуекеросин мен қысқы дизельден басқа мұнай өнімдерінің қоры жеткілікті.
Г. Меңдеева