$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкент митингіндегі арандатушылар ұсталды

AstanaTV
28.06.2019ж. 20:00
3168
Шымкент митингіндегі арандатушылар ұсталды

Шымкент митингіндегі арандатушылар ұсталды. Оларға қатысты қандай шешім қабылданатынын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі күн ішінде анықтайтындарын айтты. Қазір олардың бұндай әрекетке неліктен барғандары анықталып жатыр. Естеріңізге сала кетсек, кеше Арыс тұрғындары Шымкенттегі «Ақмешіт» мешітінің алдында үй берсін деген талаппен жиналған болатын.

Ерлан ТҰРҒЫМБАЕВ, ҚР ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРІ:

Арандатушылыққа барғандар жиналған жұртты билікке бағынбауға, Арысқа бармауға шақырды. Олар кімдер? Неге арандатушылыққа барды? Арыстың азаматтары ма? Осыны анықтап, екі күн ішінде оларға қатысты шешім шығаратын боламыз.  

Ә. Өмірзақ