Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Жаңа бояулар...

AstanaTV
29.06.2019ж. 20:00
4564
Жаңа бояулар...

Тұрғын үйлердің қабырғасына есірткі сатушылардың әлеуметтік желідегі парақшаларын жарнамалап жазушылар Оралда да көбейіп барады. Мынадай қара бояумен таңбаланған үйлердің қатары бүгінде жүзден асып кеткен. Қараны қарамен баттастырып бояғаннан ештеңе шықпайды. Құмарлық қуып, қарайған жүректерге ізгілік нұрын себуге тырысқан қос қыздың ісі өзгелерге үлгі боларлық. Сурет көрмесінде танысып, жақын құрбыларға айналған Алина мен Ольга ғимараттарды түрпі жазудан тазалап жатыр. Яғни есірткі сатушылардың мекен-жайы жазылған үйлердің қабырғасына мынадай суреттерді салады. Әзірге бес үйдегі қара таңбаны өшірген оларға басқа да жас талапкерлер үн қосыпты.

Ольга Валерова, суретші: 

Мысалы, мына үйдің жоғары қабатындағы тұрғындар күн сайын алғысын айтады. «Оянғасын, терезеден қарағанда сенің суретіңді көріп, бір қуанып қаламын», - деп ризашылығын білдірді. Кейбірі бізбен бірге сурет салып жатады. Сұм жарнаманы өшіру үшін үйді осылай өрнектеуге полиция рұқсатын берді. Бұған ризамыз.

Алина Журавлева, суретші: 

Сұрқы жоқ сұрғылт үйлер еңсені басып тұратын. Қабырғалары қорқынышты жазуларға толы. Осы жазудың орнына ашық бояулы сурет салғанда өзгеріп сала береді. Адамдар алғысын айтады. Олардың көңілі көтерілгеніне өзіміз де мәзбіз.

Қыздар осы қарқынынан танбаса, Оралдың қасіретін қоюлатқан таңбалардан арылар күн алыс емес. Дегенмен қайтадан пайда болмайтынына... Әйтсе де жаңару, өзгеру, ояну туралы айтып бастадық. Тереңдемей, қарапайым ғана қайырсақ, дұрыс жасалып жатқан қадамдарды бағалай білген жөн.