Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Д. Трамп криптовалютамен операция жасайтын компанияларды банк ретінде тіркелуін міндеттемек

AstanaTV
12.07.2019ж. 20:00
1960
Д. Трамп криптовалютамен операция жасайтын компанияларды банк ретінде тіркелуін міндеттемек

Криптовалютамен операция жасаған компаниялар банктік лицензия алып, соған сай тәртіппен жұмыс істеуі керек. Бүгін АҚШ президенті Дональд Трамп твиттердегі парақшасында осындай мәлімдеме жасады. Бұған дейін Facebook компаниясы жеке либра криптовалютасын әзірлеп жатқаны белгілі болды. Осыны меңзеген Ақ үй басшысы олардың барлық банктер сияқты тіркелуін міндеттеп отыр. Трамп Фейсбуктің жаңа онлайн ақшасы сенімсіз болатынын айтып, биткойн және басқа да криптовалюталарды ақша деп санамайтынын білдірді. 

Дональд ТРАМП, АҚШ ПРЕЗИДЕНТІ: 

Мен биткойн және басқа да криптовалютаның табынушысы емеспін. Олар құбылмалы және ауада қалықтап жүреді. Реттелмеген криптовалюта заңсыз әрекеттерге, ескірткі саудасы және басқа да заңсыз қызметтерге әкелуі мүмкін.

Г. Меңдеева