Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / 9 шілдеден бері күніне онға жуық адам суға батып кеткен - В.Беккер

9 шілдеден бері күніне онға жуық адам суға батып кеткен - В.Беккер

9 шілдеден бері күніне онға жуық адам суға батып кеткен. Олардың арасында өрімдей балалар да бар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы арнайы брифингте жеткізді. Ал шомылу маусымы басталғалы 126 адам ажал құшқан. Владимир Беккер азаматтардың қарапайым ережелерді елемейтінін айтып отыр. Халық тыйым салынған жерлерде шомылуды тоқтатар емес. Рейд кезінде сегіз жүзге жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 442 млн теңгеден аса сомаға айыппұл салыныпты. 

Владимир БЕККЕР, ҚР ІІМ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ :

Суға батып, қаза тапқандардың көбісі Ақмола облысында тіркелген. Мұнда қайтыс болған 15 адамның бесеуі кішкентай бала. Одан кейін Алматы облысы, Шығыс және Батыс Қазақстан облыстарында, Павлодар мен Түркістанда судағы қайғылы оқиға жиі тіркеледі. Негізгі себеп - ата-аналардың баланы бақылаусыз қалдыруында болып тұр. 

А. Бектас