«Астана LRT-ның» экс-басшысы Талғат Арданға халықаралық іздеу салынды. Қызметтік өкілеттілігін теріс пайдаланды деп айыпталған күдіктіні енді интерпол іздеп жатыр. Компанияның қазіргі төрағасы Бекмырза Игенбердиев Үкімет қабырғасында осылай деп мәлімдеді. Ал жерүсті көлік шығыны 1,2 млрд долларға қысқартылатын болды. Атышулы құрылыстан қаражат қалай үнемделмек? Тілші тарқатады.
Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ: Жерүсті көлігінің билет құны мына қоғамдық көліктердің бағасымен бірдей болмақ. Жобаның мақтауын асырған жауаптылар халық үшін оны мейлінше жайлы қыламыз деп бақты. Айтуларынша дүкен, дәмхана, кір жуу орындары бір станция ішінде орналаспақ.
Әділша ЕРМҰХАНОВ, «LRT ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКЦИЯ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Самое лучшее кофе должно быть на станции. Самый лучший сэндвич должен быть на станции. Это должно быть место свиданий. Это должно быть место встречь. Место приятного времяпровождение.
Президент «дұрыс жоспарланбаған жоба» деп сынап тастаған соң, шенеуніктер құрылыс шығынын 1,2 млрд долларға қысқартты. Сөйтіп ішкі займға көшуді ұйғарған. Одан 800 млн доллар үнемделеді. Ал жобаны оңтайландыру үш тәсілмен жүзеге аспақ. Алдымен келісімшарт құнына салықты қосу туралы Қытаймен келіссөз басталды. Бұл 200 млн долларды үнемдеуге сеп болмақ. Ал пойыздар санын 19-дан 12-ге дейін қысқарту 40 млн доллар шығынды жояды. Аялдамалар саны да азайып, 110 млн доллар үнемделмек.
Алтай КӨЛГІНОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
Нәтижесінде аталған шаралар жобаның шығындарын құрылыс жұмыстарына 350 млн АҚШ долларына дейін немесе қазіргі курспен 135 млрд теңгеге дейін оңтайландыруға септігін тигізеді.
Бірақ бақандай 250 млн доллар әлі банкротқа ұшыраған «Астана банкінде» жатыр. Алтай Көлгінов оны сот арқылы әкімдікке қайтарамыз, дейді. Ал 2017-де бұл қызметтен шеттетілген Талғат Алдан қазір халықаралық іздеуде. Бұл іспен интерполдың өзі айналысып жатыр.
Бекмырза ИГЕНБЕРДИНОВ, «LRT АСТАНА» ЖШС БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
Басқарманың бұрынғы төрағасы Талғат Арданға қатысты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюро департаменті тергеушілерімен қылмыстық іс қозғалды. Соттың сырттай шешімі бар. Оған халықаралық іздеу жарияланды.
Ақерке БЕКТАС, ТІЛШІ: Әзірге бос тұрған цемент тіреуіштер мен өзге құрылысқа LRT-ның 313 млн доллары жаратылып қойыпты. Дегенмен, біраз ақшаны үнемдеп қалдық деген шенділер жыр болған LRT құрылысын бұл жолы бітіреміз деп отыр.
А. Бектас