Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Тоқаев колониядағы азаптау дерегіне байланысты Бас прокурорға тапсырма берді

AstanaTV
31.07.2019ж. 20:00
1866
Тоқаев колониядағы азаптау дерегіне байланысты Бас прокурорға тапсырма берді

Қасым-Жомарт Тоқаев колониядағы азаптау дерегіне байланысты Бас прокурорға тапсырма берді. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter желісіндегі парақшасында жазды. Ішкі істер министрлігіне түзету мекемесін жаңғыртуды тапсырып, азаматтық бақылауды күшейту қажеттігін айтты. Еске сала кетсек, осыған дейін желіде Алматы облысы Заречное ауылындағы түзету мекемесінде түрме қызметкерлерінің сотталушыларды азаптап жатқаны түсірілген видео тараған. Бүгінде түзету мекемесінің 5 қызметкері ұсталды, бірқатары жұмыстан босатылды. 

Ә. Өмірзақ