$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыдағы Сейфуллин көшесі тазартылған

AstanaTV
09.08.2019ж. 20:00
6158
Алматыдағы Сейфуллин көшесі тазартылған

Алматыдағы әйгілі Сейфуллин көшесінде біршама болсын тәртіп орнады. Қала тұрғындары осылай дейді. Тәртіп сақшылары соңғы бір ай бойы даңғылдың бойынан жеңіл жүрісті қыздар мен маскүнемдерді ұстаған. Рейд кезінде тәнін саудалаған мыңнан аса қыз-қырқын қолға түсті. Алматыны түнгі көбелектерден тазарту шаралары әлі де жалғасып жатыр. Бұл туралы қоғам белсендіреді не дейді? Тілші тарқатады.

Алматылық тұрғын Жаңылсын Әлиеваның әйгілі көшенің бойында сұлулық салоны орналасқан. Кәсіпкер әйел бұрын өз жұмыс орныма қорқынышпен, түрлі үреймен келетінмін дейді. Келіншек, сән салонының алды қылығына қымсынбайтын жеңіл-жүрісті қыздармен толатынын айтады.  

Жаңылсын АЛИЕВА, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Сұмдық болды ғой мына жерде, не жүре алмайсың балаларымызға дейін жүре алмайды. Өтіп бара жатқандардың бәріне ұсыныс айтып тұратын. Көшеміз қазір тазарып қайта жақсы қазір тыныш

Көше тұрғындары жеңіл жүрісті қыздар мен маскүнемдердің әрекетін дереу полицияға хабарлауды әдетке айналдырыпты. Бірақ құқық қорғау қызметкерлерін көрсе, көбісі сытылып кетуге тырысады екен. Алайда қала әкімінің тапсырмасымен тәртіп орнағалы бері, 1200 -ден астам жеңіл жүрісті қыз-келіншектер ұсталған. Сондай-ақ, араларында қыздарды тасымалдаумен айналысатын 205 адам мен 87 такси жүргізушілері де бар. 

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ IIД РЕСМИ ӨКІЛІ :

Жұмысты атқару барысында жеңіл жүрісті қыздарды полицияға жеткізіп, оларды арнайы база арқылы қандай бір қылмыстық іске қатысын тексереміз

Ішкі Істер Департаменті ұсталғандарға әкімшілік және қылмыстық шара қолданбақ. Олардың айтуынша, жын-ойнақтың бірі қонақ-үйде қалғаны жекелеген пәтерлерде орналасқандықтан, тексеру жұмыстары да жалғасады. Бірақ бұл жағдайды қоғам белсендісі Әмина Құрман уақытша дүние деп санайды. 

Әмина ҚҰРМАН, ҚОҒАМ БЕЛСЕНДІСІ :

Шын күрес болған жоқ, еш уақытта жөзекшелікпен. Егер оның алдындағы әкімдер осылай біртіндеп жұмыс жасаған болса баяғыда тазарған болар еді. Оған қатал заң керек. Мүлдем тазарды деп мен ойламаймын. ол сол көшеден жылжып кетті.

Сондай-ақ Әмина Құрман халық арасында "түңгі көбелек" атанып кеткен оларды ұстап бет-жүзін елге жария қылып масқараласа дейді. Сонда ғана оларға тиым күшейер еді деп отыр.   

Ә. Лесбек