Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылордалықтар үйіміз үйіндіге айнала ма деп үрейленіп отыр

AstanaTV
15.08.2019ж. 20:00
2525
Қызылордалықтар үйіміз үйіндіге айнала ма деп үрейленіп отыр

«Үйіміз үйіндіге айнала ма деп үрейленеміз!» Қызылордадағы апатты үй тұрғындары, редакциямызға осылай деп шағымданды. Қабырғалары қақырап, шатыры қираған баспананың апатты екенін жергілік билік мойындамай отыр. Жақында ғана балконмен бірге үй иесі құлаған. Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан қалдық деген тұрғындардың базынасы келесі бейнематериалда.

Тозығы жеткен нысандардың қабырғалары жарылыпты, іргесі сөгілген. Жаңбыр жауса төбеден де су ағады дейді. Бұл -облыс орталығындағы тұрғындардың баспанасы. 

Екатерина РАЙЦ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Қараңызшы үйдің қабырғаларындағы жарықтары қаншама? Балконға шуғу да қауіпті. Жуырда балкон бір әйелді басып қалып, жарақат алды. Біз не істей аламыз? Бар-жоғы 62 мың теңге зейнетақы алам. Оған кімді жалдап, қай құрылыстың жыртығына жамау етем? 

Балаларға арналған ауладағы алаңқайда қирап жатыр. Тот басқан. Амалдары таусылған балалар асфальт үстіне кілем төсеп ойнап отыр. 

Қымбат БАЯНБАЙ, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Анау жерде качели болды, онын бәрі жоқ. Мынау жерде бақа, анау жерде-ат, барлығы болған. Мына жерде отыратын скамейка болған, қасында мусор жәшігі болды. Ол да жоқ. Барлығын ұрлап кеткен. Анау енді сырғанаққа сырғанайық десек оны сындырып тастаған барлығын. Енді ойнайтын ештене жоқ, просто тұрамыз қақиып.  

Дегенмен тұрғындар қол қусырып отырған жоқ. Өз беттерінше үйлерін сырлапты. Ажырап қалған қабырғаларды арнайы көбікпен бітеуге мәжбүр. Соның өзінде әр жерден қайта жарылыпты.  

Күләш СЕЙІТПЕНБЕТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: 

Қорқа, қорқа өмір сүріп отырмыз. Үй жарылып жатыр, үй жарылғаны сонша сыртынан сылауға жарамайды деген соң пенамен біз өткізіп, ол пена сыртында тұр, үйдің ішіндеде көрініп отыр.

Ұлбосын БИМАҒАМБЕТОВА, ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  

Ремонтпен ғана отырмыз ғой. Енді осы мынаған былтыр алты қап цементты стенаға құйдым ғой.

Тозығы жеткен бұл үйлерде 48 отбасы тұрады. Негізінен әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Олар атқарушы билік үйді апатты деп танып, сүрсін дейді. Осы ұсыныспен бірнеше рет әкімдік алдына барған. Алайда, атқамінерлер баспананы бұзудан бас тартыпты. 

Біржан ДАЛАБАЕВ, ҚЫЗЫЛОРДА қ. ТҮКШ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ, АЖ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ ИНСПЕКЦИЯСЫ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Үйлер жеке меншіктегі тұрғын үйлер болып танылғандықтан ол сараптамалық қорытынды тұрғындар тарапынан өздері алуы қажет. Оған бюджеттен ешқандай қаражат бөлдіруге мүмкіндік жоқ. Үйді апатты деп тану үшін де сол белгіленген тәртіп негізінде жүргізіледі. Басқа жолы жоқ.

Тұрғындарының мәселесін "Nur Otan" партиясының өкілдері өз бақылауына алды. Партияның облыстық филал басшылары нақты шаралар қолданылады деді.

Ақмарал ӘЛНАЗАРОВА, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІННШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Иә, бұл үйлер ескі. Қолданыстағы заңның аясында шара қолданамыз. Бұл мәселін өз бақылауымызға аламыз. 

Көп балалы аналар, мүгедектер мен зейнеткерлер тәуелсіз сарапшы жалдауға, тіпті күрделі жөндеу жүргізуге қаражатымыз жоқ дейді. Ашынған тұрғындар енді апатты үйдің төбемізге құлауы ғана қалды деп отыр. Мүмкін сонда ғана көмекке келер деп күтеді. 

Д. Әлімқұл